Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектептер мен колледждерде қорытынды емтихандар қашан өтеді

Орталық бақылау комиссиясында өткен брифингте оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева мектеп оқушылары және колледж студенттері үшін емтихан тапсыру уақытын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сәйкес 5-8 және 10-сынып оқушылары үшін емтихан 27 мамырда басталады. Әңгіме қазақ тілін білуге арналған емтихан туралы болып отыр.

"9-сынып оқушылары 29 мамыр мен 10 маусым аралығында мемлекеттік емтихан тапсырады. 11-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 28 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 12-15 маусым аралығында жоспарланған", – деді Наталья Жұмаділдаева.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін қорытынды аттестаттау 28 маусымға дейін, ал диплом тапсыру рәсімі 28 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.



Еске салайық, бұған дейін ғылым және жоғары білім министрлігі биыл мектеп бітіретін оқушылар ЖОО-ға түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуден қанша бал жинау керегін жазған едік. Шығармашылық емтихан тапсыратындар оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл және Қазақстан тарихы пәнінен 5 балл жинауы тиіс. Яғни кемінде 11 балл жинауы қажет.

Талқылау