Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда медициналық зертханаларда анализ тапсыру бағасы қымбаттамақ

Елімізде медициналық зертханаларда анализ тапсыру бағасы қымбаттауы мүмкін. "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханалар желісінің мәліметінше, бағаның көтерілуіне салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар себеп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: life.ru

Осы саладағы кәсіпкерлер 10 пайыздық корпоративтік табыс салығынан кейін шығынымыз көбейеді дейдә. Себебі, кәсіп иелері бұл салық түрін төлеуден босатылған еді.

Олардың пікірінше, жаңа талап медицина саласының инвестициялық тартымдылығы мен қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне әкелуі ықтимал. Осылайша кәсіпкерлер қосымша салық жүктемесінен кейін сынаманы тапсыру бағасын көтеруден басқа амал жоқ дейді. Ал зертханалық қызмет түріне көп жүгінетін жұрттың дені қымбатшылыққа қарсы.

“Мен қарсымын. Біреуін тапсырсаң 5 мың. Біз бір анализ тапсырмаймыз. Ең аз дегенде үш-төрт анализ тапсырамыз. Енді ол тағы қымбаттаса бәріміздің қалтамызға ауыр болады”, – дейді тұрғындардың бірі. 

Ал кейбір тұрғындар анализ бағасын қымбаттатқан жөн деп есептейді. Өйткені адам өз денсаулығы үшін ақша аямау керек дейді. 

Талқылау