Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды
Жексенбі күні еліміздің барлық өңірінде парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Республика бойынша барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның 15 өңірінде дауыс беру Астана уақытымен сағат 20.00-де аяқталса, Қазақстанның бес облысында – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облысында бір сағаттан кейін жабылды.
Тағы 77 сайлау учаскесі 62 мемлекетте ұйымдастырылды.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін сайлау комиссияларының мүшелері дауыс санауға кіріседі.
Сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан астам адам енгізілген. Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 54,09 пайызы дауыс берді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды