Қазақстанда күзгі каникулдың уақыты белгілі болды
Қазақстанда каникул кері шегерілмейді. Оқушылар бұрынғыдай демалатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Каникул уақытын ауыстыру жоспарланбаған. Әдеттегідей бірінші тоқсанның соңында 5-15 қараша аралығында өтетін болады", - дейді министрлік.
- Қазақстанда екінші тоқсанда мектептер ашыла ма: Денсаулық сақтау министрі жауап берді
- "Бұрын қытайша білім алғаны үшін": Алматы облысында 10-сынып оқушысын мектепке қабылдамай қойған
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен ата-аналардың топтарында демалыс 5-18 қазанға ауыстырылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты.
Белгілі болғандай, каникул уақытын ауыстыру туралы шешім Мәскеуде қабылданған. Мәскеу мэрі демалысты 5-18 қазанға ауыстырған.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты