Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
Бірінші қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскер қатарына алынбақ. Қарулы күштер қатарына 8 мыңның үстінде, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады.
"Өмірді жасқа қарап шектемеу керек": 73 жастағы қазақстандық зейнеткер шпагатқа отырып, басымен тұрады
Беліне ота жасатқаннан кейін спортқа бет бұрған Роза Бекмағамбетова бүгінде өзі де өзгелерді жаттықтырады
Қазақстанда зейнеткерлерге қандай жеңілдіктер мен әлеуметтік көмек беріледі
Жыл сайын 1 қазан келгенде зейнеткерлерге берілетін жеңілдіктер мен төлемдер туралы сұрақ көбейеді