Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны бір тәулік ішінде 40% - ға өсті
Қазақстанда коронавирустың таралуы жылдамдады. Бүгін диагноз бірден 32 науқасқа қойылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 25 наурыз күні кешке елімізде 80 адам жұқтырса, 26 наурыз күні кешке 112-ге жетті. Тәулігіне 40% өсіміді құрап отыр.
Қазіргі уақытта елімізде коронавирустың 112 жағдайы расталды.
- Нұр-Сұлтан қаласы - 61,
- Алматы қаласы - 40,
- Қарағанды қаласы - 4,
- Шымкент қаласы - 2,
- Алматы облысы - 1,
- Ақтөбе облысы - 1,
- Жамбыл облысы - 2,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1адам.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр Сұлтанда коронавирустың алғашқы өлімі тіркелген болатын. Сондай-ақ, екі науқас сәтті емделіп, жазылып шыққаны белгілі болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі