Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу үшін агенттіктер жарты миллион теңгеге дейін сұрайды

Коронавирус салдарынан көз жұмғандардың туыстары ритуалдық агенттіктер өз қызметтеріне екі есе, тіпті үш есе көп ақы сұрайды деп шағымданды. Кейде сомалар жарты миллион теңгеге жетеді екен. Бұл туралы Stan.kz апарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

жерлеу

Гүлнәр Уаисованың анасы коронавирустан көз жұмған. Анасына келген екі жедел жәрдемнің бірі ангина, екінші пневмония диогнозын қойған. Көп ұзамай кейуана қайтыс болған, ауруханадада әйелде коронавирус болғанын хабарлаған. Ал хаттамада тромбоэмболия деп жазған.

Мүрдені мәйітханаға апарған, жерлеу жұмыстарымен арнайы бригада айналысқан. Туыстарына тек алыстан қоштасуға мүмкіндік берілген, ал қызметі үшін көлемі сома сұраған.

"Адамды жерлеу 200 мың теңге және одан жоғары тұрады. 200 мыңның ішіне тек алып бару кіреді. Яғни, олар мәйітханаға барып, денені тиіп, алып барып, жерлейді. Жарайды, біз туыстары бармыз, ал ешкімі жоқтар қайтпек?", - деді марқұмның туысы Айнұр Айтбаева.

Белгілі болғандай, Қарағандыда коронавирустан көз жұмғандарды жерлеумен шынымен тек бір компания айналысады екен. Бұл - "Каппасов" ЖК. Ал қалғандары қауіпті инфекциядан қаза болғандардың жерлеуін ұйымдастырудан бас тартқан.

Жалғыз компанияда не билікпен, не облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісім-шарт жоқ. 

Орташа баға - 150 мың теңге. Алып баратын жер алыс болса одан да жоғары болуы мүмкін.

"Мәйітпен бір машинада отырады, 500 шақырым жүреді. Мен мұндай ақшаға бармас едім, ал баратын болсақ 2-3 есе көп төлеу керек. Жоқ болса, адамдар түсінеді ғой, ешкімді қинамаймыз", - деді ритуалдық агенттік директоры Жанат Каппасов.

Директордың айтуынша туыстарына құжаттар беріледі. Соны ақшаны қайтару жөніндегі атқарушы органға баруға болады. Ауылдық әкімдіктер расында да қаражат береді екен, ал қала әкімдігінде мұндай жоқ. 

Талқылау