Қазақстанда коронавирустан көз жұмған науқастар саны 30 адамға жетті
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған науқастардың саны 30 адамға жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты.

«Инфекциямен ауырған 4,298 науқас тіркелді. Олардың жартысы Алматы мен Нұр-Сұлтанда. Біздің дәрігерлер 1 279 науқасты емдеді (coronavirus2020.kz мәліметтері бойынша, емделушілер саны - 1299). Барлығы үйлеріне жіберілді. Эпидемия кезінде 30 науқас қайтыс болды. Бүгін статистикаға тағы бір адам қосылды, толығырақ қосымша хабарланады», - деді Сұлтанғазиев сәрсенбіде өткен баспасөз конференциясында.
Кейін белгілі болғандай, 1952 жылы туған науқас Алматыда коронавирус ауруынан қайтыс болған.
Ауруханада 2 897 науқас бар, олардың 85%-ның қанағаттанарлық, тұрақты », - деді ол.
«Науқастардың 14% -ның жағдайы орташа. 25 науқастың жағдайы ауыр, алтауының жағдайы өте ауыр. Жасанды желдеткіш аппаратында 7 науқас жатыр», - деді ол.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"