Қазақстанда коронавирустан емделгендер індетті екінші мәрте жұқтырған жоқ - вице-министр
Қазақстанда коронавирустан жазылып шыққандар қайта індетке шалдықпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова мәлімдеді.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясына қайтадан шалдығу оқиғалары тіркелмеді. Әлемнің бірнеше елінде осындай жағдай анықталған еді. Бізде мұндай жағдай тіркелмеді және алдағы уақытта болмайды деп үміттенеміз. Дегемен вирус өте жұқпалы», - деді Бюрабекова.
Бұған қоса ол аурудан жазылғандардың бойында індетке қарсы иммунитет түзілетіні жайлы ақпарат келіп түспегенін айтып өтті.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді