Қазақстанда коронавирустан 3 адам көз жұмды
Қазақстанда бір тәулікте үш адам коронавирустан және екі адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта 3 335 адам коронавирустан емдеуді жалғастыруда, олардың ішінде 45 бала бар. Стационарларда 1 808 пациент, амбулаториялық деңгейде–1 527 пациент бар.
91 адамның жағдайы ауыр, 15 науқас аса ауыр деңгейде және 22-сі ӨЖЖ аппараттарында.
Сovid-19 белгілері бар пневмониямен ауырған науқастар туралы мәлімет. Өткен тәулікте 229 науқас анықталып, 2 адам көз жұмды. Бір тәулік ішінде 71 адам сауығып кетті.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған