Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан екі науқас аурудан айықты

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан екі науқас жазылып шықты. Олар ертең ауруханадан шығарылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

больница

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

«Бүгінгі күннің ең басты жаңалығы - жағымды, қуанышты жаңалық. Ертең коронавирустан сауыққан екі науқас ауруханадан шығарылады. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Олардан тағы сынама алынады. Бұл біздің алғашқы жеңісіміз деп айтсақ болады», - дейді Абаев. 

Министр еліміздің билігі мен халықтың атына талмай еңбек етіп жатқан дәрігерлер мен денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

«Баршамызға белгілі, әрбір маман үшін ең бастысы - еңбегінің жемісін көру», -деп қосты министр. 

Еске салайық, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам коронавирус жұқтырған.  Жалпы  Қазақстан бойынша 80 науқас тіркелген.

 

 

Талқылау