Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияның үш кезеңі қалай өтетіні белгілі болды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация осы жылдың 1 ақпанында басталады. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев вакцинацияның негізгі кезеңдері туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

- 1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде: жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимация бөлімшелерінің, жедел жәрдем бөлімшелерінің, қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызмет қызметкерлерінің медицина қызметкерлері вакцина алады. Барлығы 100 мыңға жуық адам.
- 1 наурыздан басталатын екінші кезеңде: жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары, медициналық қызметтердің қызметкерлері вакцинацияланады. Барлығы 150 мыңға жуық адам.
- 1 сәуірде басталатын үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарын, студенттерін және созылмалы аурулары бар адамдарды вакцинациялайды. Барлығы 600 мыңға жуық адам.
Биыл Қазақстанда 10 миллионға жуық адамға коронавирусқа қарсы вакцина егуді жоспарлап отыр.
"Біз барлық үш кезеңді аяқтағаннан кейін қалған топтарға ауысамыз. Сәуір-мамыр айларының соңына таман", - деді Ержан Байтанаев.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы