Қазақстанда коронавирусқа байланысты қандай жаңа рейстер ашылмады
Азаматтық авиация комитетінде жаңа әуе рейстерін ашу бойынша шет мемлекеттермен келіссөздер қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алайда, COVID-19 өзінің түзетулерін енгізді.
"Коронавирустың таралуы бойынша қазіргі жағдайға байланысты бұл рейстердің ашылуы кейінгі мерзімге ауыстырылды. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының бағалауы бойынша, тасымалдау көлемін 2019 жылдағы деңгей шамасында толық қалпына келтіру 2023 жылға дейін мүмкін болмайды. Халықаралық рейстерді қалпына келтіру және ашу жұмыстары COVID-19 вирусының пандемиясы бойынша жағдай жақсарғаннан кейін жалғасады", - деп түсіндірді ААК-нің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство жоғарыда аталған мемлекеттермен шарттық-құқықтық базаға қол жеткізілгенін, алайда әуекомпаниялар осы авиамаршруттарды қосу немесе қоспау туралы өздері шешуге құқылы екенін атап өтті. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған әуе рейстерін ашу мүмкіндігіне қарамастан, азаматтық авиация нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты шетелдік және отандық әуекомпаниялар кестеге жаңа маршруттарды қосуға асықпайды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды