Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 21 адам көз жұмды: Ауырғандар саны 124 мыңнан асты
Қазақстанда коронавирус пен коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны 124 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 904 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 64 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 942 науқас жатыр. 8 962 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 350 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 100 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 63 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 787 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Коронавирустан бір тәулікте 15 адам көз жұмған.
1 тамыздан пневмониямен ауырғандар - 20541, 237 өлім жағдайы тіркелді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"