Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 1677 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан жалпы есепте 1677 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1081 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Ал коронавирусты 271 адам жұқтырып, 15-і көз жұмған.
1 тамыздан барлығы коронавирустық пневмониямен ауырғандар - 19754адамды құрап, 231 өлім жағдайы тіркелді.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 өскіншек бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 366 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 90 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"