Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көліктерді техникалық байқаудан өткізу ережелері жеңілдетіледі

Қазақстанда көлік түрлерін техникалық байқаудан өткізу бойынша ережелер жеңілдетілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Заңнамадағы жаңа ережелер туралы көлік министрлігі мәлімдеді. 

Атап айтқанда, бұл ереже механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және өткізу ережелері туралы. Жаңа бұйрық бойынша министрлік қолданыстағы ережелердегі белгіленген бірнеше ереженің уақытша күшін жойды.

“2025 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген Қағидалардың 23-тармағының 6-тармақшасының, 26-1-тармағының және 31-тармағының 6-8-тармақшаларының қолданылуы тоқтатылды. Олар қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктерді тексеру және газ баллонды жабдыққа мерзімді сынақтар жүргізу, міндетті техникалық байқау жүргізу кезінде диагностикалық картаға автомобильге орнатылған газ баллонының сериялық нөмірін енгізу туралы талаптарды қамтиды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Өзгерістер 2023 жылдың 30 желтоқсанында күшіне еніп, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады.

Талқылау