Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда көлік жүргізу курсын бітіргені туралы сертификатты электронды форматта алуға болады

Ішкі істер министрлігі елімізде көлік жүргізу куәлігін алуға арналған курстарды аяқтау туралы сертификаттарды электронды форматқа ауыстырды. Енді азаматтар жүргізуді өзі дайындалып немесе онлайн оқу арқылы үйрене алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында бұл шара куәліктерді мерзімінен бұрын беру және жалған куәліктер жасау жағдайларын болдырмауға бағытталғанын атап өтті.

"Курс аяқтағаны туралы куәлікті толықтай электронды форматқа аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жалған құжаттар жасауды немесе формалды түрде куәлік алуды болдырмайды. Сонымен бірге жалған медицина анықтамаларын жою мақсатында денсаулық сақтау министрлігі анықтамаларды электронды форматқа ауыстырды", – деді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, жүргізушілерді даярлау сапасын арттырудың тағы бір шарасы автомектептерге жүргізушілерді даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру рәсіміне оралу болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға VIP емес әдемі нөмірлерді сатып алу 2026 жылдан бастап қолжетімді болатынын жазған едік. Қазір нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген талаптарға сәйкес, сұранысы жоғары емес мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы кезек тәртібімен беріледі. Алайда жақын арада қазақстандықтар кез келген нөмірді ақылы негізде таңдай алады.


  • Астанада көлік жүргізушісі TikTok-тағы видеосы үшін қамауға алынды

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсырудың жаңа тәртібі енгізілетінін жаздық. Енді жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтуі қажет. Екі факторлы аутентификацияда азамат жеке басын екі түрлі жолмен растауы қажет: біріншісі – SMS арқылы, екіншісі – биометриялық сәйкестендіру. Тестілеуді бастамас бұрын электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланып жүйеге кіру қажет. Осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушыға 1414 нөмірінен жеке деректерге қол жеткізуге рұқсат беру туралы хабарлама келеді.

Талқылау