Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеріледі
Қазақстан көлікке салық төлеуді кейінге қалдыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сенат отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынды.
"Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеуді ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады. Салық элементтерін өзгертпестен жеке тұлғалардан мүлікке және жерге салынатын салықтарды біріктіру ұсынылды. Екі салық бір төлемде төленеді. Бұл ретте көпқабатты үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылып отыр", - деді Дәленов.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Ресейдің әуе кеңістігі қауіпті болса да, қазақстандық әуе компаниялар тұрақты түрде жолаушы тасымалдайды
Комитет: "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиакомпаниялармен бірлесіп, тұрақты негізде жағдайға мониторинг жүргізеді"