Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындарының құны бір жылда 23,4%-ға өскен
Өткен жылдың қараша айының соңындағы нәтиже бойнша Қазақстанда қоғамдық тамақтандыру қызметі бір жылда 23,4%-ға өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Бір айда бағалар 2,7%-ға, соның ішінде Жетісу облысында (13,9%-ға), Шымкентте (9,9%-ға) және Алматы облысында (7,3%-ға) өскен.
Жетісу облысында (44,7%), Шымкент (40,3%) және Астана (38,5%) қалаларында жылдық бағаның ең тез өсуі байқалды.
Бір жылда асхана қызметтері 26,6%-ға, фастфуд нысандары – 17,1%-ға, мейрамханалар мен дәмханалар – 20,6%-ға қымбаттады. Мейрамханадағы түскі ас 19%-ға, асханада 26,6%-ға дейін жеткен.
Қыркүйек айының соңында қоғамдық тамақтандыру орындарын жалға алу бағасы бір жыл ішінде 5%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім Маңғыстау облысы (27,2%-ға), Қарағанды облысы (20,3%-ға) және Шымкентте (8,4%-ға) байқалды.
Бір жылда мейрамханаларды жалға алу бағасы 8,9%-ға, асханалар 0,9%-ға, дәмханалар 3,4%-ға қымбаттаған.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі