Қазақстанда қыздарға қарағанда ұл балалардың өлімі жиі тіркеледі
Қазақстанда қыздарға қарағанда ұл балалардың өлімі екі есеге көп тіркеледі. Бұл туралы “Қазақстан жастары - 2022” Ұлттық баяндамасында қамтылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жастар арасындағы өлім мәселесі “КазТаг” сайтында жарияланды. Онда елімізде қыздарға қарағанда ұл балалардың жиі өлім құшатыны жазылған. Әсіресе жастай қыршын кеткендер өте көп. Бұған басты себептердің қатарында - суицид, жазатайым оқиғалар мен қылмыс көрсетіліп отыр.
Яғни, баяндамадағы статистикаға сүйенсек, өлтіру дерегі - 4,7 пайызды көрсетсе, суицид - 4,5 және көлік апаты не жазатайым оқиғалар бойынша 2,8 пайызды құраған. Ал туберкулез ауруымен 3 пайызы өледі екен.
Десе де, 1999 жылғы көрсеткіш бойынша жастар арасындағы өлім 4 пайызға азайған. 22 жыл бұрын жастар арасындағы өлім-жітім үлесі - 73,7 пайыз болса, 2021 жылы 68,6 пайызға төмендеді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”