Қазақстанда қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Қазақстанда 2020 жылғы 01-03 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыстың алғашқы күндері елімізде аязды ауа райы күтіледі. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанға Моңғол антициклоны әсер ететін болады.
"Республиканың басым бөлігіне аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райын
сақтайтын Моңғол антициклоны өз ықпалын тигізуді жалғастырады. Тек
оңтүстік және оңтүстік-шығыста, оңтүстік циклонның шұңқырының әсерінен
қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел
күшейеді", - дейді синоптиктер.
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады