Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда кинотеатрлар, караоке және банкет залдарының жұмысына рұқсат берілмек

Бірнеше қалада пилоттық режимде жұмыс істеп жатқан Ashyq жобасы Қазақстанның барлық аймағында іске қосылады. Бұл туралы санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ashyq жобасы пилоттық режимде 26 сәуірге дейін жұмыс істейді. Одан кейін Қазақстанның барлық өңіріндегі кәсіпкерлер жобаны қолдану арқылы жұмыстарын жалғастыра алады. Енді Ashyq келесі нысандарда қолдануға рұқсат етіледі:

- йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтар;

- курорттық орталықтар;

- сауналар, бассейндер;

- компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары;

- боулинг клубтары.

14 сәуірден бастап Ashyq жобасына келесі қызметтер қосыла алады:

- кинотеатрлар;

- театрлар мен филармониялар;

- қоғамдық тамақтандыру орындары.

21 сәуірден бастап Ashyq жобасы аясында келесі қызметтер жұмысын бастайды:

- туристік агенттіктер;

- бильярд клубтары;

- концерт залдары;

5 мамырдан бастап Ashyq жобасы арқылы "жасыл" аймақтарда караоке-барлар мен 50 адамнан аспайтын банкет залдары ашылады. 


Талқылау