Қазақстанда Kcell ұялы байланыс операторын сату ұсынылды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов Kcell ұялы байланыс операторын жекенің қолына беруді ұсынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kcell.kz
Жиында сенатор Советбек Медебаев еліміздің телекоммуникация саласының проблемаларының бірі елдегі телекоммуникация саласындағы бәсекелестіктің жоқтығы екенін айтты.
"Мемлекет басшысы 2022 жылдың 21 қаңтарында отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде бәсекелестікті жаңа экономикалық бағыттың басты қағидаларының бірі ретінде атады. Бұл міндетті орындау үшін, бәсекелестік үшін барлық тауашаларды ашу қажет екенін атап өтті. Ел президенті жасанды монополияларды құруды талдауды және инфрақұрылымдық нысандарға, соның ішінде кабельдік каналдар мен талшықты-оптикалық байланыс желілеріне бизнестің тең және барабар қолжетімдігін қамтамасыз етуді тапсырды", – деді депутат сенат отырысында.
Вице-министр байланыс саласының монополиясын күрделі және өзекті мәселе деп атады. Ал сенатор цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбекке сұрақ қойып, қазақстандық телекоммуникация нарығындағы негізгі ойыншыларды атап беруді өтінді.
"Бірнеше негізгі ойыншы – "Қазақтелеком" компаниялар тобы, мысалы, "Транстелеком" компаниясына тиесілі заң жобасы осы мәселелерді реттейді. Сонымен қатар монополияның басқа аспектілеріне келсек, бүгінде "Қазақтелекомға" тиесілі "Мобайл Телеком-Сервис" (Tele2/Altel) ұялы байланыс операторын сату аяқталды деп айта аламыз. Бұл ұялы байланыс нарығына қатты әсер етеді", – деді Асхат Оразбек.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі басшысының орынбасары Болат Сәмбетов еліміздің үш оператордан тұратын ұялы байланыс нарығы жоғары шоғырланған күйде қалып отырғанын атап өтті.
"Үш байланыс субъектісінің екеуі "Қазақтелекомға" тиесілі. Біз бұл мәселені көптен бері көтеріп келеміз және бұл жерде мемлекеттің қатысуы қажет емес деп есептейміз. Енді ол бірте-бірте жүзеге асырылып келе жатыр. Біз енді Kcell-ді нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз", – деп атап өтті Сәмбетов.
Бұған дейін "Қазақтелеком" компаниясы Қазақстан Altel және Tele2 ұялы байланыс операторларына иелік ететін "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (МТ-S) сатылымын қашан аяқтауды жоспарлап отырғанын айтқан еді.
Айта кетейік, биыл ақпан айында "Қазақтелеком" АҚ мобильді активтерінің бірі – "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ні (Tele2/Altel брендтері) Таяу Шығыстың жетекші конгломератына – Qatar Power International Holding-ке сатпақ болды.