Қазақстанда карантин үшін серіктеспен босануға тыйым салынды
Қазақстанда медициналық мекемелердің барлығында карантин жарияланған еді. Перзентханалар мен перинаталды орталықтар да карантинге ілініпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі SputnikҚазақстанға сілтеме жасап.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Серіктеспен босану жүзеге асырылмайды. Бөгде адамның босану палатасына кіруіне тыйым салынады", - деді баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы ауруханаларда, интернаттарда және қарттар үйлерінде карантин жарияланғаны жайлы мәлім еткен еді.
Аталмыш мекемелерге қызметкерлерден басқа адамдардың келуін толығымен тыйым салынған.
Сонымен қатар, медициналық ұйымдарда санитарлық-карантиндік шаралар күшейтіліп, фото және видео түсрілімге шектеу қойылды.
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
"Бұрын мен басқа адам болғанмын": Балалар өткен өмірі жайлы неге көп айтады, шынымен өткен өмір бар ма
Әлеуметтік желідегі ата-аналардың арасында да мұндай оқиғасын бөліскендер бар