Қазақстанда карантин шараларын әлсірету туралы министр айтып берді
Қазақстанда карантин шараларын әлсірету туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр Қазақстандағы коронавирус мәселесі жақсарып келе жатқаны туралы мәлімдеп, алдағы уақытта карантин шараларының әлсіреуі мүмкін екенін айтқан.
"Бізде 1600-1700 тұрақты деңгей бар. Бүгінгі күні бір күнде 1600 адам жаман көрсеткіш емес. Әзірге болжау қиын. Бұл жағдай тұрақталады деп үміттенеміз. Негізінен, біздің болжамдарымыз пессимистік болып көрінді. Біз үшін бұдан әрі не болатын маңызды. Енді біз не істейтінімізді - карантиндік шараларды қалай әлсірететінімізді жоспарлап жатырмыз. Бұл жағдайды тоқтату үшін карантин уақытша, содан кейін қарапайым өмір басталады", - деді ол.
Осыған дейін, елімізде 2 тамызға дейін карантин енгізілгені туралы белгілі болған.
Талқылау

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазіргі субсидиялау жүйесі тиімсіз

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі