Қазақстанда қанша педофилге химиялық кастрация жазасы тағайындалған
ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк химиялық кастрация жасалған қылмыскерлер туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда 25 педофил жазасын өтеп жатқан көрінеді.
"Қазіргі таңда қылмыстық мекемелерде 25 қылмыскер жазасын өтеуде. Оларға сот шешімі бойынша медициналық химиялық кастрация жасау жазасы тағайындалған", - дейді Милюк.
Оған қоса, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Оспанов Әсет балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткен полиция қызметкерлері туралы сөз қозғады.
"Полицейлердің арасында балалар мен әйелдерге зорлық-зомбылық көрсеткен қызметкерлер жоқ", - дейді Оспанов Әсет.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған