Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдері қымбаттауы мүмкін: Вице-премьер жауап берді

Вице-премьер Серік Жұманғарин доллардың қымбаттауына байланысты елімізде қандай азық-түліктердің бағасы өсетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Жұманғарин бүгінгі таңда Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 10 позиция бойынша өзін 100 пайызға қамтамасыз ететінін айтты. Олардың ішінде ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз бар.

"Елімізде 14 азық-түлік тауарлары 80 пайыздан көп қамтамасыз етіледі. 5 азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділік бар. Құс етімен біз өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз. Шұжық - 60 пайыз, балық - 60 пайыз, ірімшік пен сүзбе-46 пайыз, қант-44 пайызға қамтамасыз етеміз. Мұнда белгілі бір тәуекелдер де жоқ емес. Дегенмен Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістердің кейбір түрлері апельсин, банан, лимон бар. Бұл өнімдер шамалы қымбаттауы мүмкін", – деді Серік Жұманғарин.



Шенеунік дүкендердегі бағалардың соңғы мониторингіне сәйкес, соңғы аптада елімізде ештеңе қымбаттамағанын атап өтті.

"Бізде өспейтін апельсин, лимон және басқа да цитрус жемістеріне келетін болсақ, қазір Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында осы өнім түрлеріне кедендік әкелу баждарын төмендету мәселесі қаралуда. Бізде жабық жермен жұмыс істейтін, жылыжай салатын кәсіпорындар бар. Бұл ертең олардың қызметіне қалай әсер ететінін, нарықта қысым болмауын қарастырамыз. Сондықтан жақын арада шешім қабылдаймыз", – деп толықтырды вице-премьер.

Талқылау