Қазақстанда қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды
Университеттегі қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскриптте белгіленетін, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу жетістіктерінің тарихи деректері жүргізіліп жатады. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі. Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты», - делінген хабарламада.
Министрліктегілердің айтуларынша, бұл жағдай ЖОО-дағы бюрократияны азайтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі