Қазақстанда Илон Масктың интернетін жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынды
Қазақстандықтарға Starlink-ті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: internetvibes.net
Министрлікте өткен брифингте журналистер қазақстандықтардың Starlink интернетін пайдалану мәселесін көтерді. Бірақ бұл заңсыз болып шықты.
"Бұл мәселе бойынша мұндай адамдар бар екенін айтайын (үйлеріне Starlink орнататындар). Тиісті органдар анықтап, нақтылау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені қазіргі уақытта қолданыстағы нұсқада пайдалану қауіпсіздік талаптарына сай болмағандықтан, заңнаманы бұзады", – деді Диас Төлегенов.
Ол пилоттық жоба бойынша техникалық жұмыстар аяқталмайынша және заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілмейінше "оның заңсыз болатынын" айтты. Осылайша қазақстандықтарға Starlink-тен интернетті пайдаланғаны және таратқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.
"Сатып алған болса да, өзгертулер енгізгеннен кейін оны пайдалана алады. Өзгеріс енгізбес бұрын жеке тұлғаларға бірінші рет ескерту, ал одан кейін 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады (2023 жылы 34 500 теңге)", — деді Төлегенов.
Спикер қазақстандықтардың қалай тексерілетінін және мұндай жағдайлардың қалай анықталатынын айтпады.
Айта кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына жүгінуге мәжбүр болғанын айтқан еді.
Мусин 2000 мектеп бойынша Starlink компаниясымен келісімшарт бар екенін, олар қазан айының соңына дейін жасалатынын жеткізген еді.
"Алты ай ішінде Қазақстанның барлық мектептері мен оқушылары цифрлық жеңілдіктерді қауіпсіз пайдалана алуы үшін Starlink-ті барлық жерде орналастырамыз", – деп түйіндеді министр.