Қазақстанда харассментке қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отырған жоқ – Депутат Абзал Құспан
Депутат Абзал Құспан мәжіліс кулуарында елде харассментке қатысты жауапкершілік енгізу қарастырылып жатпағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Andrey_Popov/Shutterstock/Fotodom
"Сталкингте харассмент белгілілері бар, харассментті қамтиды. Ал арнайы харассментке қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізу күн тәртібінде жоқ. Алда енгізіледі деген сөз жоққа шығарылмайды. Заңға қатысты бастама көтеретін үш орган: президент, үкімет және парламент депутаттары. Кез келген депутат осындай мәселе көтерсе, қарастыруға болады. Өйткені қылмыстық заңнамаға қатысты тағы да заң жобасы келе жатыр бізге", – деді Абзал Құспан.
Еске салайық, бұған дейін депутат Абзал Құспан адам аңдитындар, яғни сталкерлер қылмыстық жазаға тартылатынын айтқан еді. Оның айтуынша, сталкингке қатысты айып тағылғандар айыппұл төлейді.
"Қаламақымызды ала алмай отырмыз": Ақындар мен композиторлар Қазақстан авторлық қоғамына қарсы шықты
Олар бұл жағдайдың авторлардың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты
Кофе мен энергетиктің айырмашылығы неде? Сарапшы маңызды кеңес берді
Энергетик ішкен дұрыс па, әлде кофе ме? Сарапшы жауабын айтты