Қазақстанда халық санағын жүргізетіндерге төленетін жалақы мөлшері белгілі болды
Қазақстандағы халық санағын жүргізетіндердің жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов айтты.
"Санақты сапалы өткізу үшін қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта негізгі қаражат – санақ қызметкерлерінің жалақысы болып отыр. Мысалы, интервьюер қызметін төлеу үшін бірінші кезеңде бір ай үшін 83 мың теңге төленеді. Ал халық санағының негізгі кезеңінде – 104 мың теңге төленбек. Нұсқаушы-бақылаушыға 45 күн ішінде толық қызмет етсе – 125 мың теңге беріледі", - деді ол.
Еске салайық, 1 маусымда халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл дайындық кезеңі, онда тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар анықталады.
Екінші кезең - негізгі халық санағы. Яғни, санақ қызметкерлері әр үйге барып, сөйлесіп, санақ парақтарын толтырады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"