Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда газдың бағасы 50 теңгеге дейін арзандайды - Тоғжанов

Бүгін Ақтаудағы Ынтымақ алаңына ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев келді. Онда олар наразы халықтың алдына шығып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

митинг 333

Газдың бағасы 50 теңгеге дейін төмендейді, деді шенеуніктер.

Тоғжановпен бірге алаңда Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев те тұр.
Маңғыстау облысында сұйытылған газдың құнын төмендету және литріне 50 теңгеден белгілеу "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады, деп мәлімдеді үкімет баспасөз қызметі.

Сондай-ақ алаңда болған адамдардың жауапкершілікке тартылмайтынына кепілдік берілді. Тараптар сондай-ақ барлық туындаған мәселелерді сындарлы диалогтың негізінде және қолданыстағы заңнама аясында шешуге келісті.

Айта кетейік, ертең 5 қаңтарда Қазақстан президенті елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалына арналған кеңес өткізеді.

 



Жаңаөзен мен Ақтаудағы жағдай

2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етті.

Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.

Бірақ халық түсіндірмеге қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.

Талқылау