Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткі қолданғаны үшін жаза жеңілдетіледі – ІІМ

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов Қазақстанда есірткіні медициналық мақсаттан тыс қолданғандарға жазаны жеңілдету қарастырылған екі заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Есірткіні медициналық мақсаттан бөлек қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді, яғни есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын адамдарды қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартуды, прекурсорлар мен күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді", - деді Әмірханов.

Ол синтетикалық есірткінің таралуына қарсы тұру мәселесін де қозғады. Қазір республикада президент пен үкіметтің тапсырмасына сәйкес есірткіге қарсы бірқатар іс-шара іске асырылып жатыр:

2022-2023 жылдарға арналған жол картасы әзірленді: шетелде өндірілген есірткілердің жеткізілуін, оларды тарату және ел ішінде өндіруді тоқтату, есірткіге тәуелділерді емдеу және оңалту, сондай-ақ ішкі істер, денсаулық сақтау, сот сараптамасы органдарын және шекаралық өткізу пункттһерін материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар көзделген;

аса қауіпті заттардың "криминалдық" мөлшері заң жүзінде 1 грамға дейін (мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары 3 грамнан 1 грамға дейін, синтетикалық каннабиноидтар 50 грамнан 1 грамға дейін) төмендетілді;

мұндай есірткілерді өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді – Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі.

Талқылау