Қазақстанда екінші АЭС салу бойынша референдум өткізіле ме – Министр жауап берді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша референдум өткізіле ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Сәтқалиевтің айтуынша, референдум өткізудің қажеті жоқ және ол өткізілмейді.
"Заңнамаға сәйкес бұл станция үкіметтің шешімі бойынша салынады", – деп жауап берді ол.
Еске салсақ, Тоқаев үкіметке екінші АЭС салынатын орынды ұсынуды тапсырған еді. Мұнда президент елде энергия тапшылығы артып жатқанын айтты.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"