Қазақстанда демалыс күндері жаңбырлы ауа райы күтіледі
Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше елімізде ауа райы құбылмалы болады. Қазақстанның бірқатар аймақтарында салқын түсіп, жаңбырлы болмақ. Дегенмен, оңтүстік аймақтарда ауа температурасының жоғарылауы байқалады.
"Солтүстік-батыс антициклон республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында жылудың төмендеуіне әкеледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасының одан әрі көтерілуі күтіледі", - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"