Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы мұрынға тамызатын препарат жасалып жатыр

Қазақстанда мұрынға тамызуға арналған жаңа вирусқа қарсы препарат жасап шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме беріп.

вакцина

Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ) жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығының директоры, вирусолог-вакцинолог, профессор Қайсар Табынов мәлімдеген.

Қазіргі уақытта нановакцина клиникаға дейінгі сынақ сатысында және ДДҰ кандидаттық вакциналар тізіміне енгізілген. Огайо Мемлекеттік университетімен бірлесіп, нанобөлшектер негізінде жасалған және қазір зертханалық жануарларға сынақтан өткізілуде.

Егер жақсы нәтижелер болған жағдайда ғана сынақтар адамдарға да жүргізіледі. 


Ғалым қарашада COVID-тен күніне жүзге жуық адам көз жұмады деп болжады: Денсаулық сақтау министрлігінде жауап берді 


ДДҰ-ның аз ғана критерийлері бар және оларға әр вакцина сәйкес келуі керек. Егер вакцина осы критерийлерге сәйкес келсе,  клиникалық зерттеулерге кірісуге болады, деп атап өтті Табынов.

ҚазҰАУ халықаралық Вакцинология орталығы Огайо университетімен 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Университеттер бірігіп ғылыми жұмыстар жарияланады. 

Америкалық университетте нанобөлшектер шығарудың бірегей технологиясы бар, сол арқылы олар бірқатар вакциналарды сынап көрді. Біз оларға антигендерді, яғни белсенді заттарды жібердік, соның негізінде наноформула дайындап, бізге жіберді. Ал қазір біз оны зерттеп жатырмыз, - деді Табынов.

Белгілі болғандай, зерттеулерді тек Қазақстан Университеті ғана қаржыландырады, дейді Қайсар Табынов.

Талқылау