AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанда бірінші ауыл балалары вакцинацияланады": Ақпарат наразылық тудырды

Желіде таралған балаларды вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама халықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпарат жалған болып шықты. 

"Қазнет қолданушылары елімізде балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды ауылдық округтерден бастау жоспарланып отырғаны туралы хабарлама таратуда. Ауыл тұрғындары иммундауға арналған препараттар мен олардың жанама әсерлері туралы ештеңе білмейді, сондықтан осындай шешім қабылданған екен. Бұл мәлімдеме жалған", – елінген хабарламада.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі мұндай вакцинациялау жоспарлары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген Pfizer/BioNTech вакцинасы Қазақстанға әкелінбеген. Балаларды вакцинациялау жоспары да жоқ. Балаларды вакцинациялау ата-аналардың ақпараттандырылған келісімі болса ғана жүргізіледі және баланың тұрғылықты жеріне байланысты болмайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандықтар балаларды COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға байланысты фейктер бұған дейін де таралған.

"COVID-19-ға қарсы егілмегендерді мектепке кіргізбейді "деген жалған ақпарат таралды. "Балаларды екпе алмаған ата-анасынан жасырын әкету үшін мектеп автобустары сатып алынды", – деген фейк жарияланды.

Сондай-ақ “балаларға вакцина салу үшін ата-аналарды мәжбүрлейді, оқушыларды алдап, вакцинация келісіміне қол қоюға мәжбүрлеп жатыр” деген жалған ақпараттар таралды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр