Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі 50 мың қол жинағаннан кейін не болады – Жұманғарин жауап берді
Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияға 46 мыңға жуық адам дауыс берген. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин петиция 50 мың дауыс жинағанда қандай шешім қабылданатыны туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат порталы.
Фото: Pixabay.com
"Петиция 50 мың дауыс жинаса, біз арнайы жұмыс тобын құрып, белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен сарапшыларды тарта отырып, оны қарайтын боламыз. Мен қазір алдын ала ештеңе айта алмаймын. Оның 50 мың дауыс жинағанын күтейік", - деді ол.
Айта кетейік, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы алғашқы ұсыныс 2020 жылы жасалды. Оған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет қаулысына қол қойды.
2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.
Еске сала кетсек, қазақстандықтар белсенді түрде қол қоя бастаған бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция кенет жұмысын тоқтатқан еді. Сайт 40 мыңнан астам адамның қолынан кейін кенет өтінішті қабылдамай қалған болатын.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған