Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулік ішінде 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта 11 975 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр, оның 822-сі балалар. Стационарларда 3 294 пациент, амбулаториялық деңгейде 8 681 науқас бар.
199 адам ауыр халде, 35 адам аса ауыр хәлде, 31 адам ӨЖЖ аппараттарында. 2020 жылғы 28 қарашадағы covid-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылық бойынша өткен тәулікте 184 науқас, 1 өлім тіркелді. Бір тәулік ішінде 60 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап: 41 940 науқас, 440 өлім тіркелсе, барлығы 30 422 адам сауығып кетті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан