181 мың талапкер, 79 мың грант: Қазақстанда білім беру гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды
Қазақстанда білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны туралы айтты.
Көбенованың айтуынша, грант иегерлерінің тізімі бір айдан аз уақыттың ішінде, 10 тамызға дейін жарияланады. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау 12 күн ішінде жүргізіледі.
"Дәстүрлі түрде білім беру гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады", – деді Гүлзат Көбенова.
Бүгінге дейін 181 мың талапкер ҰБТ тапсырып үлгерген. Талапкерлердің 76%, 139 мың оқушы ҰБТ-да шекті баллды жинаған.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау науқаны 13 шілде мен 24 шілде аралығында өтеді.
ҚазҰУ студенттеріне ректорлық грант уәде еткен алаяқ төрт адамды 7 миллион теңгеге алдап кеткен
Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаеваның айтуынша, шалғай өңірлерде тұратын талапкерлерге ыңғайлы болу үшін өтініштер eGov электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде де қабылданады.
“Сондай-ақ университеттерде құжаттарды дәстүрлі форматта, офлайн режимінде тапсырғысы келетіндер үшін қабылдау комиссиялары болады. Бұл жерде еркеретін нәрсе, құжаттарды кез келген университет арқылы тапсыруға болады", – деді Жанна Есінбаева.
Есінбаеваның айтуынша, биыл бакалавриатқа 79 мыңға жуық грант бөлінген
Ең көп грант "инженерлік, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы" саласындағы мамандықтарға бөлінген, олардың саны 19 344 грантты құрайды. Одан әрі "педагогикалық ғылымдар" – 13 735 грант, "ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – 10 903 грант, "жаратылыстану, математика және статистика" – 8 288 грант.
Еске салсақ, бұған дейін ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасаған еді.