Қазақстанда биыл жаңа жылдық кештерге рұқсат беріле ме: Цой жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл жаңа жылдық корпоративтік кештер ұйымдастыруға рұқсат етіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі кейбір аймақтарда уақытша шектеу шаралары бар. Біз кейбір ұжымдарға “жасыл” мәртебесі бар адамдармен қорғаныс ережелерін сақтай отырып іс-шаралар өткізуге рұқсат беруді және мекемелерді біртіндеп ашуды бастап жатырмыз”, – деді Цой.
Сондай-ақ ол денсаулық сақтау министрлігінің міндеті – әлеуметтік байланысты арттырып, экономиканы да қалыпты жағдайға қайта келтіру екенін айтты. Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға қатысты да түсіндірді.
"Иә, әрине, теориялық тұрғыдан жаңа жылдық корпоративтік кештерге рұқсат етілген. Қазір 50 адамға дейін іс-шара өткізуге рұқсат бар. Яғни қазір де шаралар өткізуге болады", – деп қорытындылады Алексей Цой.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан