Қазақстанда биыл тағы 55 елді мекенге газ тартылады
Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында биыл тағы 55 елді мекенге газ жүргізілетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Газдандырудың бас схеманын қаржыландыру бюджет қаражаты, газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор – Қазақгаздың кірістері және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ұлғаюы газбен жабдықтау деңгейін 11% - ға немесе 2018 жылдан бастап қосымша 2,6 миллион адамға газға қол жеткізуге мүмкіндік берді”, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Оның сөзінше, биыл 76 жобаны іске асыруға 73,9 миллиард теңге қарастырылған.
“Бұл 160 мың тұрғыны бар 55 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылдың соңында ел бойынша газбен жабдықтау 60% деңгейінде күтілуде”, - деді Болат Ақшолақов.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді