Қазақстанда балалар ата-аналарына қамқорлық жасауға міндеттелмек
Фото: depositphotos.com
Конституциялық комиссияның отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституцияда бекітуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Закиеваның айтуынша, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ұрпақтар арасындағы өзара жауапкершілік туралы норма ерекше маңызға ие.
“Конституция жобасындағы ұрпақтардың өзара жауапкершілігі туралы бап ережесі кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін бекітеді. Бұл норма құқықтық қана емес, сонымен қатар терең адамгершілік әрі құндылықтық мәнге ие”, – деді Закиева.
Қазақстан Конституциясы толықтай қайта жазылмақ: 84% өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда өлім жазасына тыйым салатын норманы Конституцияда бекіту ұсынылды
Балалар омбудсмені мұндай тәсіл отбасылық ынтымақ, өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Конституциялық комиссияның отырысында мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева Конституцияны тұтастай өзгертуді ұсынған еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан