Қазақстанда балабақша жетіспейді - Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанда балабақша жетіспейді. Қазіргі уақытта 0-ден 6 жасқа дейінгі 250 мыңнан аса бала кезекте тұр. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілінің сөзінше, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды тегін тамақпен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар балабақша кезегіне де жеңілдіктер бар.
“Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 47 мың балаға диагноз қойылды. Оның ішінде 14 460 бала арнайы ұйымдар мен топтарға, 5 530 бала жалпы білім беру топтарына барады. Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін балабақша кезегіне жеңілдік қарастырылған”, - деді Наталья Жұмаділдаева.
"Ұлымды ұрды, заттарын жоғалтты": Алматылық ана ұлының "Жаңа Ұрпақ" лагерінде қорлық көргенін айтып берді