Қазақстанда әзірге бірде-бір үміткер президенттік сайлауға түсуге ниет білдірмеген
Орталық сайлау комиссиясы хатшысы Мұхтар Ерман журналисттер сауалына жауап беріп, үш күннен бері бірде-бір кандидат президенттік сайлауға қатысуға өтініш білдірмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда бірде-бір үміткер президенттік сайлауға түсуге ниет білдірмеген.
Жиынға қатысқан саяси партиялардың өкілдері партия съездерінің әлі өтпегенін, онда сайлауға қатысу үшін кандидатура мәселесі шешілетінін айтты.
Осы аптада партиялар президиумдар отырысын өткізіп, алдағы съездің күнін белгілеуді жоспарлап отыр.
Еске салайық, Қазақстанда президенттікке кандидаттарды ұсыну рәсімі 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанға дейін жалғасады. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өткізілмек.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды