Президенттікке кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына 10 миллион теңгеден алады
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Президенттігіне кандидат әр адамға үгіт-насихат үшін 10 миллион теңгеден бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кандидаттар БАҚ-та материалдарды жариялауы үшін, халық алдында сөз сөйлеу үшін аудиторияны жалға алуына байланысты шығыс көлемі қарастырылды.
"Кандидат шығындарының болжамды сметасын жасалды. Ол барлық бағаларға, бұқаралық ақпарат құралдарының ұсыныстарына сәйкес жүргізілген. Шамамен шығын 10 миллион теңгені құрайды. Кандидаттар теледидар, радио арқылы сөз сөйлейді, баспаларға материал жариялайды, аудитория мен көлікті жалға алады", - деді Сабила Мұстафина ОСК отырысында.
Мұстафина бұл жоспарлы шығындар екенін атап өтті. Ресми шешімі кейін жарияланады.
23 қыркүйекте ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды. Сайлау 20 қарашада өтеді.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін кандидаттарға қойылатын талаптар жарияланған еді.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"