Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтетін күнді белгіледі
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауды 20 қараша күніне белгіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жазылды.

“Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын”, – делінген сәрсенбі күнгі ақпаратта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын осы күзде өткізуді ұсынған.
17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев президент мандатын қайта сайлану құқығынсыз бір ғана жеті жылдық мерзіммен шектейтін заңға қол қойды.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"