Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Әзірбайжан мен Грузиядан әкелінген 125 автокөлік ұсталды

Қазақстанда Әзірбайжан мен Грузиядан әкелінген 125 автокөлік ұсталды.Бұл көліктер кедендік рәсімдеуден өтпеген, тиісті алым-салықтары төленбеген боп шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы кездері Қазақстан аумағына сырт елдерден көліктерді уақытша алып келу жағдайлары жиілеп кетіпті. Оларды негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары біздің елге кіргізіп, ешқандай рәсімдеусіз жергілікті тұрғындарға сатып жібереді екен. Бүгінгі күнге дейін осындай 125 автокөлік ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Оларды қайтарып алу үшін көліктерді иелері толықтай кедендік рәсімдеуден өткізуі тиіс.

Заң бойынша мұндай көліктердің Қазақстан аумағында 1 жыл ғана жүруіне рұқсат. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін автокөліктер ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Не болмаса кедендік тазартудан өткізіп, алым-салықтар төленуі тиіс. Мемлекеттік кірістер департаменті полициямен бірлесе отырып мұндай автокөліктерді анықтауды жалғастырып жатыр.

Талқылау