Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгерді

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жастан 60,5 жасқа өсті. Бұл жайлы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зейнеткер

Заңның 11-бабында әйелдерге зейнетақының 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 60,5 жаста тағайындалатыны көрсетілген. 

2018 жылдан бері Қазақстанда зейнетке шығу жасы өсіп келеді. Осылайша 2027 жылы зейнет жасы 63 жасқа жеткенге дейін жалғаспақ.



1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан кем емес уақыт тұрған әйелдер 45 жастан бастап зейнетке шыға алады. 

Сонымен қатар бес және одан көп бала туған (асырап алған) әйелдер 53 жаста зейнетке шығуға құқылы. 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2022 жылы 2,3 миллионға жуық зейнеткердің зейнетақысы 7 пайызға, ал негізгі зейнетақы төлемдері 5 пайызға өспек. 

Заңда көрсетілгендей, елімізде ерлердің зейнетке шығу жасы 63 жас деп белгіленген. 

Талқылау