"Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 9 жылға артық өмір сүреді": Денсаулық сақтау министрі зейнет жасы туралы айтты
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандық әйелдердің зейнет жасын 63-тен 58-ге дейін төмендету талабының негізділігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық әйелдердің медициналық көмекке қаншалықты жиі жүгінетінін және денсаулығына байланысты 63 жасқа дейін жұмыс істеу қаншалықты қиын екенінің талданбайтынын ескертті. Сонымен қатар ол әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары екенін атап өтті.
"Егер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай жұмыс тобын құрса, біз міндетті түрде атсалысып, қандай мәселе екеніне байланысты мамандарды тартамыз. Әйелдерге келетін болсақ Қазақстандағы олардың өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда тоғыз жылға артық деп айта аламын", - деді министр.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған